Павлодарда су құбыры зақымданды

Павлодарда су құбыры зақымданды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары аяқталмағанша қаланың кейбір үйлерінде суық су болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, зақымдану бүгін сағат 12:45-те Қамзин-Малайсары батыр көшелерінің қиылысында жылу желілерін тарту жұмыстары кезінде болды.

Қазіргі уақытта мердігер бұл ақауды жою жұмыстарын жүргізуде. Барлық коммуналдық қызметтер, сонымен қатар, қала басшылығы, жергілікті атқарушы органдар және мердігерлік ұйымдар қазір оқиға орнында. Зақымдануды жоюға 8 бірлік техника мен 15 адам жұмылдырылған, – деді қала әкімінің орынбасары Ануарбек Аманов.

Суық су берудің болжамды уақыты – сағат 22:00.