Павлодарда су басу қаупі бар аулалардың тұрғындары дабыл қақты
Облыс орталығында еріген қар суы сорғызылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 19 наурыз күні сағат 12:10-нан бастап Ворушин-Қазправда көшелерінің қиылысында ТЖД және ЖАО күштері жұмысқа кірісті.
- Мамандар жолдағы еріген суды сору жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 1300 текше метр су сорылды. Су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Барлығы 6 адам 3 бірлік техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды. Жұмыс әлі де жалғасуда, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бүгін сағат 13:35-те Запорожская көшесінде екі үйді еріген қар суының басу қаупі бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Жергілікті атқарушы органдары мен ТЖД күштері ауладан және көшенің бір бөлігінен еріген суды сорып алу жұмыстарын жүргізді.
Су басу қаупі жойылды.