Электр есептегіштерді тегін ауыстыру: Павлодарда алаяқтықтың жаңа түрі таралуда
«Павлодарэнергосбыт» ЖШС тұрғындардан мұқият болуды және телефон арқылы жеке ақпаратты хабарламауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Компанияда соңғы уақытта өздерін кәсіпорынның қызметкерлері ретінде таныстыратын белгісіз тұлғалардың қоңырау шалу жағдайлары жиілеп кеткендігі туралы хабарлайды. Осыған байланысты жеке деректерді сақтауда мұқияттылық танытып, компанияның ресми өкілдерімен ғана байланыста болуға кеңес береді.
– Олар электр энергиясын есепке алу құралдарын – электр есептегіштерді тегін ауыстыруды ұсынып, сол үшін SMS-хабарламаға келетін кодты айтуды сұрайды. Сіздің жеке деректеріңізге қол жеткізуге тырысатын алаяқтар осындай әдісті қолдануда, – дейді кәсіпорында.
Ақпараттың шынайылығын нақтылау үшін «Павлодарэнергосбыт» ЖШС байланыс орталығына келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7182) 903-309, 8(701)0317323.