Павлодарда төртінші қабаттан құлағалы тұрған бала құтқарылды

Павлодарда төртінші қабаттан құлағалы тұрған бала құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол пәтерде жалғыз болған,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, «112» пультіне Толстой көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабаттың ашық терезесінде кішкентай бала тұрғаны туралы  хабарлама келіп түскен.

 – Оқиға орнына жедел түрде құтқару бөлімшелері жіберілді. Төрт жасар бала пәтерде жалғыз болған, – деді департаментте.

Құтқарушылардың бірі қызбен есіктің сыртынан сөйлесе бастады, ал басқалары альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен төбеге шығып, терезеден пәтерге кірді.

ТЖМ ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәбилерді қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.