Павлодарда төрт жасар бала 10 қабаттан құлап кетті
Шақырту Целинная көшесіндегі үйден түскен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21:41-де шақыртуға жеделдіктің бірінші санаты бойынша жіберілген жедел жәрдем оқиға орнына үш минутта жеткен.
– Төрт жасар бала жақын жердегі Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға – стационарға жеткізілді, – деді станцияда.
Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.