Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әкеге қатысты іс қозғалды
Оның балаларының алдындағы берешегі 4,5 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам жұбайымен ажырасқаннан кейін бала тәрбиесімен айналысуды тоқтатқан. Төрт жыл бойы балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген.
– Ер адамға іздеу жарияланды. Бүгінгі таңда өз балаларына алимент бойынша қарыз сомасы 4,5 миллион теңгені құрады. Полиция қызметкерлері 29 жастағы адамды ұстады және юрисдикцияға сәйкес, соттың қарыз сомасын өндіріп алу туралы шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушысына тапсырды, – деп хабарлады департаментте.
Бұдан басқа, ер адамға қатысты балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Айта кету керек, 2024 жылы облыс полицейлері 300-ге жуық алимент төлемейтін тұрғынды анықтаған.