Павлодарлық саябақта темекі шеккен әйел айыппұл төледі

Павлодарлық саябақта темекі шеккен әйел айыппұл төледі
Фото pixabay.com

Ол тротуарға темекі тұқылын тастап кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, темекі өнімдерін тұтынудың алдын алуға және шектеуге, соның салдарынан халықтың денсаулығын қорғауға полицейлер қоғамдық орындарда үнемі рейдтік іс-шаралар өткізеді.

–    Мәселен, Малайсары батыр көшесіндегі үйдің тұрғындары кіреберісте жүйелі түрде темекі шегетін көршісіне шағымданып, полицияға қоңырау шалды. Алайда көршілері ескертулерді елемеді, – деді департаментте.

Тағы бір жағдайда азаматтар полицияға қоңырау шалып, қалалық саябақтардың бірінде темекі шегіп, тротуарға темекі тұқылын лақтырған әйел туралы шағымданған.

Тәртіп сақшылары рұқсат етілмеген жерлерде темекі өнімдерін пайдаланатын азаматтарға қатысты айыппұл салып, әкімшілік хаттамалар толтырды.

Полиция халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында белгіленген талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған жерлерде ғана темекі шегуге рұқсат етілетінін ескертті.

Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер рұқсат етілмеген жерлерде темекі шеккені үшін 67 құқық бұзушыны анықтаған.