Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған үш мыңға жуық азамат анықталды

«Учаске» жедел-алдын алу шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары өңірдегі 190 мыңнан астам үй мен пәтерді аралап, жалпы 15 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алған. Олардың ішінде қоғамдық орындарда алкоголь ішу, ұсақ бұзақылық, тұрмыстық жанжалдар және көші-қон тәртібін бұзу фактілері бар.
Тәртіп сақшылары сегіз мыңнан астам қару иесін тексеріп, ережелер бұзылған жағдайда 63 қаруды тәркіледі.
Полиция тұрғындардан тексерістерге түсіністікпен қарауды сұрайды.