Павлодарда тарихи тұлғаларға «жан бітеді»

Павлодарда тарихи тұлғаларға «жан бітеді»
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жергілікті музейдің тарихи миссиясы мен рухани маңызы кейіпкерлер арқылы паш етілмекші, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

16 мамырда сағат 11:00-де Халықаралық музейлер күніне орай Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде «Өркениеттің құнды өрнегі» атты театрландырылған әдеби кеш өтеді.

– Шара барысында музей қорындағы ерекше тұлғалар бейнесі сахна тілімен сөйлейді. Қойылым желісі арқылы келушілер өткен ғасырларға ойша саяхат жасап, ел тарихының, өнер мен әдебиеттің алтын арқауын сезіне алады, – деді музейде.

Кешке студенттер, музей саласының қызметкерлері мен өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысады.

Театрландырылған көріністер бойынша Абылай хан, Бұқар жырау, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Жұмат Шанин сынды тарихи тұлғалар сомдалады.