Павлодарда тазалық сақшыларына ыстық шай берілді
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Павлодар филиалының қызметкерлері тамақты өз қолдарымен дайындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осыған орай жолшылар тазалық сақшыларына алғыстарын айтып, «Жақсылық жасайық!» мейірімділік акциясын ұйымдастырды.
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Павлодар филиалының ұжымы қыстың суығында қала көшелерінің қарын тазалап, мұзын ойып, еңбек етіп жүрген жандарға ыстық шай мен жүрек жалғар 40 ас үлестірді.
Жолшылар өз қолдарымен дайындаған дәмді тағамдарды нағыз еңбек адамдарына таратып, алғыстарын алды. Қала көшелерін қар мен мұздан тазалап жүрген жұмысшылар ризашылықтарын білдіруде.
Фото: «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Павлодар филиалы