Павлодарда тұрғын үйлердің бірінде балкон өртенді
Тілсіз жау бір балконнан екіншісіне көшкен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 16:28-де келіп түсті.
– Мәшһүр Жүсіп көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің соңғы қабатында балкон жанды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 4-қабаттағы балконда өрт шығып, 5-қабаттың балконына көшуін анықтады. Жалпы өрттің алаңы 12 шаршы метрді құрады, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін төрт адам өз бетінше және екі адам өрт сөндірушілердің көмегімен қауіпсіз жерге көшірілді, – делінген хабарламада.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 16:56-да толықтай жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен 6 бірлік техникасы, жедел құтқару жасағы мен апатты медициналар орталығы жұмылдырылды.