Павлодарда жүргізуші адам қағып, жүк көлігіне соғылды

Павлодарда жүргізуші адам қағып, жүк  көлігіне соғылды
Сурет мұрағаттан алынды

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 наурыз күні  сағат 13.50-де Естай көшесі, 83 мекенжайы  бойынша Toyota Caldina маркалы автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

– Әйел адам реттелмейтін  жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан.  Адам қағып кеткен  жүргізуші әрі қарай қозғалып, жүк көлігіне соғылды. Салдарынан жаяу жүргінші жарақатпен ауруханаға түсті, – дейді департаментте. 

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде, сараптама тағайындалды. 

Павлодар облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан көктайғақ кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер арнайы бөлінген орындардан мүмкіндігінше мұқият өтуі керек.