Павлодарда терезесін қараңғылаған автобус жүргізушісі жазаланды
Тәртіп сақшылары 100-ге жуық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көп жағдайда жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзған, автокөлікті тиісті шешімсіз қайта жабдықтаған, техникалық ақаулары бар және рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген көлікпен жүрген.
– Мысалы, Майра көшесі, 43 мекенжайында «Дайво» маркалы автобус жүргізушісі жүргізуші жағынан әйнегін қараңғылап алып жүрді. «Тойота» автобусының жүргізушісі ұялы телефонмен құлаққапсыз, динамикпен сөйлескен, ал «Мерседес» шағын автобуста тиісті жарық индексін қоспаған. Барлық фактілер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Өңірде «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
– Мұндай іс-шаралар қажет, автобус жүргізушілері мен автопарк басшылары жол жүру ережелерін бұзбауы керек. Олар өз жолаушыларының және жол қозғалысының барлық қатысушыларының өміріне жауап береді. Автобусқа отырып, адамдар өздерін қауіпсіз сезінуі керек, – деді спикер.
Іс-шараның мақсаты автомобиль көлігінде жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, техникалық ақаулы немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалы мен ЖЖЕ өрескел бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.