Павлодарда полицейлер екі жасар тұншығып жатқан баланың өмірін сақтады
Олар көгере бастаған бүлдіршінді ауруханаға дейін жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, 29 желтоқсанда кешке Қамзин көшесінде патрульдік полицейлер Қазбек Сыздықов пен Талғат Қамзинге қала тұрғыны келіп, көмекке жүгінді.
Ол көлікте уланып, түрі көгере бастаған екі жасар баланың жедел көмекке мұқтаж екенін түсіндіріп, полицейлерден оларды ауруханаға дейін ілесіп баруды. Полицейлер сигнал беру құрылғыларын қосып, әке мен баланы облыстық балалар ауруханаға дейін жеткізді. Дәрігердің қарауынан кейін баланы реанимацияға алып кетті.
– Біз үшін басты міндет – баланың өмірін сақтап қалу болды. Әр секунд маңызды еді, – дейді Павлодар қаласы ПБ ППБ қызметінің аға инспекторы Қазбек Сыздықов.
Баланың әкесі Берік Алпысбаев полицейлерге рақмет айтып, көмек қолын созғаны үшін алғысын білдірді.