7 ақпанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

7 ақпанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұрқасын болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде қар мен  жаңбыр аралас жауын-шашын жауады. 

Оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -5...-10  ℃, күндіз -3...-2 ℃ болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашынды ауа райы күтіледі. 

Сынап бағанасы түнде -7...-9℃, күндіз -0...-2℃ көрсетеді.