Павлодар әкімі монополистерге жауапкершілік туралы еске салды

Павлодар әкімі монополистерге жауапкершілік туралы еске салды
Фото: Константин Шелков

Қазылған учаскелерді бақылау полиция қызметіне тапсырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Хасар Хабылбеков шаһарды аралап, желілерді жөндегеннен кейін асфальт пен тротуарларды қалпына келтіру барысын тексерді.

– Қыс мезгілінен кейін ашық қалған шұңқырлар, шөгіп кеткен асфальт, реттелмеген учаскелер – көлік қозғалысына да, жаяу жүргіншілерге де айтарлықтай қолайсыздық туғызуда. Мұндай олқылықтарға жол беруге болмайды. Жауапты қызметтерге барлық бұзылған орындарды қысқа мерзім ішінде толық қалпына келтіріп, тиісті талаптарға сәйкестендіру міндетін жүктедім. Әсіресе, асфальт төсеу барысында сапа мен технологиялық талаптардың сақталуы қатаң бақылауда болады, – деді қала басшысы.

Сонымен қатар, шаһар басшысы өткен жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген учаскелерді қайта тексеруді де тапсырды. Егер асфальт немесе тротуар қайтадан шөгіп кетсе, монополистерді учаскелерді қалыпты күйге келтіруге міндеттейтін болады.

Әкім жергілікті полиция қызметіне барлық монополистерге ескертулер беру және мониторинг жүргізуді тапсырды. Әрбір қалпына келтірілмеген учаске үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)