Павлодарда су құбырында апат болды

Павлодарда су құбырында апат болды
Фото: ашық дереккөзден

Салдарынан бірнеше тұрғын үйде су беру тоқтатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар Водоканал» ЖШС-нің мәліметінше, Қайырбаев көшесі, 88  мекенжайы бойынша су құбырында апат болды. Осыған байланысты Қайырбаев көшесі, 86, 88, 90 мекенжайлары бойынша су ажыратылды. 

- Зақымданудың себебі анықталуда. Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі нақтыланады, - деп жазылған хабарламада. 

Көрсетілген мекенжайлар бойынша кешкі сағат 10-ға дейін су жеткізу ұйымдастырылған. Жөндеу бригадалары апат жойылғанға дейін жұмыс істейді.