Павлодарда заң талабын елемей жүрген жүргізуші ұсталды
Ол жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласында полиция қызметкерлері көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушіні ұстады. Ер адам қаланың бір ауласында патрульдеу барысында анықталған.
Полиция инспекторлары күдік тудырған автокөлікті тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде жүргізушінің бұрын сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады.
Соған қарамастан, ол заң талабын елемей, қайтадан көлік тізгініне отырған. Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігі бойынша «Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік жүргізуі» әкімшілік хаттама толтырылды.
Жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды. Іс материалдары сотқа жолданды.