Иісшіл «Балли»: Павлодарда қызметтік ит қару-жарақтың жасырылған орнын тапты

Иісшіл «Балли»: Павлодарда қызметтік ит қару-жарақтың жасырылған орнын тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол әуежай маңындағы саяжайдағы қамыс арасын айналшықтап, тапанша мен жауынгерлік қарудың үстінен түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінше, 21 қараша күні «102» нөміріне бейтаныс адам қоңырау шалып,  әуежай маңындағы саяжай алқабында қару-жарақ жасырылғанын хабарлады. Оқиға орынына полиция қызметкерлерімен бірге кинология  қызметінің  маманы сержант Талғат Қабдрахманов  «Балли» лақап атты қызметтік итімен жедел жеткен болатын.

–Белгіленген аумақты тінтіп шыққан иісшіл ит  саяжайдағы  қамыс арасын  айналшықтап, тығылған қару-жарақтың үстінен түсті. Тексеру барысында атылмаған снаряды бар  РПГ-18 жауынгерлік қаруы мен «RECK – 8000» маркалы газ тапаншасы табылды,– деді хабарламада. 

Еске сала кетейік, 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өткен жылы да «Дица» лақап атымен танылған қызметтік  итімен  заңсыз сақталған қару-жарақ жасырылған орнын тапқан болатын. Қызметтік міндеттерін адал атқарып көзге түскен кинолог пен оның төрт аяқты көмекшісі алдағы уақытта Ұлттық ұлан қолбасшылығы атынан марапатталады.

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ұсынды.