Павлодарда жұмыс істейтін жастардың жалақысы көтеріледі

Павлодарда жұмыс істейтін жастардың жалақысы көтеріледі
Фото: Константин Шелков

Өңірімізде өнеркәсіпте қызмет ететін қызметкерлерге арналған пилоттық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыста 1000-ға жуық қызметкер жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның негізгі себебі – жастардың жеке бизнес ашуларына ынталы болуында.

 – Павлодар өңірі – ерекше. Бірақ бір кемшілігі жасөспірімдер аумақтан кетіп, өнеркәсіпте жұмыс жасағысы келмейді. Олар жеке бизнесті таңдайды. Бұл жағдайды ескере отырып, әкімшілікпен шешімге келдік. Алдағы уақытта пилоттық жоба жүзеге асырылады, – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Оның айтуынша, бұл жоба – жастардың жалақысын көтеретін бағдарлама.  

Сонымен қатар, министр әлеуметтік-еңбек саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарын айтты.