Павлодарда жалаңаш қыз балаға шабуылдады
Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының бірі Затон шағын ауданында болған жайтқа қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Кеше, 27 тамыз күні психотропты заттың әсерімен жалаңаш қыз менің алты жасар баламның артынан жүгіріп, шабуылдады. Енем баланы алып үлгерген, бірақ ол тоқтамастан жануар сияқты ұлыған. Ата-аналар сақ болыңыздар, – дейді хаттың авторы.
Әйел адам баланың есеңгіреп қалғанын, сол сәтті түсіріп алған жандар болса, видеосын жіберуді сұрайды.
Облыстық полиция департаментінде өтініш Павлодар қаласы полиция басқармасының Оңтүстік бөлімінде тіркелгенін хабарлады. Әйел адамның жеке тұлғасы анықталды. Аталған фактіге қатысты облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.