Павлодарда жалпыоблыстық сенбіліктің қашан өтетіні белгілі болды
Биыл тазалық айлығында 15 саябақ пен скверді абаттандыру жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық 109 бірыңғай байланыс орталығының мәлімдеуінше, биылғы жалпыоблыстық сенбілік 25 сәуірге жоспарланған.
– Биыл 15 саябақ пен скверді абаттандыру, 132 ауланы жаңғырту, сондай-ақ 60 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарланып отыр. Оның ішінде апатты ағаштарды ірі көлемді көшеттерге ауыстыру қарастырылған, - делінген хабарламада.
Айта кетелік, өңірде 18 сәуірден бастап «Таза Қазақстан» жобасы аясында абаттандыру және санитарлық тазалық бойынша айлық басталады.
Ұйымдастырушылар павлодарлықтарды экологиялық акцияларға және тазалық жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысуға шақырылады.