Павлодарда жалпыүйішілік электр желілеріне қызмет көрсету тарифі көтеріледі

Павлодарда жалпыүйішілік электр желілеріне қызмет көрсету тарифі көтеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өзгерістер Ақсу қаласының тұрғындарын да қамтиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 наурыздан бастап Павлодар мен Ақсуда жалпыүйішілік электр желілеріне қызмет көрсету тарифі 61 теңгеге өсіп, 590 теңгені құрайтын болады.

Тарифтің көтерілуіне еңбекақы, автокөлік қызметтері және жұмыс өндірісіне қажетті материалдар шығындарының артуы себеп болған. Тұтынушыларға жаңа тариф туралы ақпаратты қызмет көрсетуші ұйымдар – ПИК және МИБ өкілдері жеткізуі тиіс.

Аталмыш қалаларда жалпыүйішілік электр желілеріне қызмет көрсетуді «ПЭТК» АҚ жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта компания 1148 көпқабатты үйге қызмет көрсетуде, бұл Павлодардағы барлық көпқабатты тұрғын үйлердің шамамен 70%-ын құрайды. Кәсіпорынның қажетті жөндеу базасы, арнайы көліктері, оның ішінде автомобиль мұнарасы, жеке электр зертханасы бар. Барлық қызметкерлер арнайы аттестациядан өткен, ал кәсіпорынның тиісті мемлекеттік лицензиясы бар.

Жалпыүйішілік электр желілеріне қызмет көрсету келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.