Павлодарда жалған жиһаз сатушы ұсталды

Павлодарда жалған жиһаз сатушы  ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

32 жастағы күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел уәкілдер алаяқтық жасады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады. Ол әлеуметтік желідегі әртүрлі ресурстарда жиһаз сату туралы хабарландыру беру арқылы облыс тұрғындарын алдаған. 

–  Тергеу барысында ер адамның Telegram қосымшасында курьер ретінде жұмыс тапқаны анықталды. Оның міндеттеріне ақша түсетін әртүрлі банктердің шоттарын беру кірген. Әр түсім үшін 30% және әртүрлі шығындар үшін 10% уәде етілген. Полицейлер оның осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеруде, – деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов. 

Ұсталған адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. 

Полицейлер ақпараттық және профилактикалық жұмыстарға қарамастан, полицияға алданған азаматтардан өтініштер әлі де түсетінін атап өтті.