Павлодар - Астана бағытындағы жолдың бойында екі намазхана ашылды

Павлодар - Астана бағытындағы жолдың  бойында екі намазхана ашылды

Намазханалар Екібастұз ауданына қарасты Төртқұдық ауылының маңында орналасқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы Астана - Павлодар, Павлодар - Астана бағыттарындағы күре жолдыңбойында екі намазхана ашылғанын мәлім етті.

– Намазханалар Екібастұз ауданына қарасты Төртқұдық ауылының маңында орналасқан. Жолдағы жолаушылар асықпай дәретін алып, намазын өтеп аттануына барлық жағдай жасалған.  Бұлар  ресми ашылған намазхана болып табылады, – деді бас имам.

Айта кетейік, аймақ бойынша күре жолда бір ғана намазхана болған.