Павлодарда жас полицейлер үшін тарихи экскурсия өткізілді

Павлодарда жас полицейлер үшін тарихи экскурсия өткізілді
Фото: Павлодар облысының ПД ұсынды

Осындай танымдық іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде мәлім етті.

Тәуелсіздік күнінде жас полиция қызметкерлері Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып, батырлардың тарихы туралы экскурсияны тыңдады. Мұражай маманы Алсу Суртулова оларға Қазақстан тарихына қатысты экспонаттар, кескіндеме және графика туындылар жайлы айтып берді. Полиция қызметкерлері қойылған экспозицияны қызығушылықпен зерттеп, қызықты тарихи нәрселерді біліп қайтты.