Павлодарда екі бала лифтте қамалып қалды

Павлодарда екі бала лифтте қамалып қалды
Фото: Константин Шелков

Лифт бірінші мен екінші қабат арасында тоқтап тұрған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 3 тамыз күні кешкі сағат 20:34 Шөкин көшесі, 42 үйінің лифтінде қыз бен ұл бала қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.  

– Құтқарушылар лифт есігін ашып, балаларды шығарған. Он бір және жеті жасар балалар медициналық көмекке мұқтаж болмады, – деді департаментте. 

 Оқиға орнына төрт қызметкер мен бір техника жұмылдырылған.