Павлодарда колледж студенттері арасында волейболдан жарыс өтті

Павлодарда колледж студенттері арасында волейболдан жарыс өтті

Бірінші лиганың спортшылары сынға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық жоғары колледжі мен Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің студенттері арасында ХХІІ облыстық спартакиаданың волейболдан сайысы өтті.

Жарысқа қатысушылардың жалпы саны 180 адамнан тұратын тоғыз команда қатысты.

Айта кетейік, ерлер командасы арасында бірінші орынды Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж, екінші орынды Ақсу қара металлургия колледжі, үшінші орынды Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің студенттері иеленді.

Ал әйелдер командасы арасында ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері үздік атанды. Екінші орынды Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж, үшінші орынды Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері жеңіп алды.