Ыстық күндер: Павлодар облысында осы аптада ауа райы қандай болмақ?
Жаңбыр жиі жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 13 мамырда түнде +6...+11°С, ал күндіз +23...+28°С-қа дейін ыстық болады.
14 мамыр күні жаңбыр мен бұршақ жауады. Сынап бағанасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +23...+28°С-ты көрсетеді.
15 мамырда да жаңбыр жауады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде +7...+12°С, ал күндіз +12...+17°С жылы болады.
16 мамырда желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +13...+18°С-ты көрсетеді.
17 мамырда жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде +3...+8°С, ал күндіз +17...+22°С-қа дейін көтеріледі.
Сенбіде жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +6...+11°С, ал күндіз +21...+26°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде облыстың көп бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +13...+18°С болады.