Павлодарда жеңіл және жүк көлігі соқтығысында зейнеткер қаза тапты
Зардап шеккен тағы бір қыз ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1 сәуір күні сағат 12:47-де Циолковский мен Кіші айналма жол көшелерінің қиылысында жол апаты туралы қоңырау түскен.
- Үш минуттан кейін жедел жәрдем оқиға орнында болды. Дәрігерлер 67 жастағы ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Тағы бір 50 жастағы ер адам тексеруден және көмек көрсетуден бас тартты. Сондай-ақ, оқиға орнынан тоғыз жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - делінген хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2013 жылы туған қыз миы шайқалған, бас терісінің көгерген жарақаты диагнозымен травматология бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Фото: @kolesa_pavlodara