Павлодарда жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қаза тапты

Павлодарда жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қаза тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 5 қазан күні Шарбақты – Сосновая автожолының бойында, Орловка ауылынан шамамен үш шақырым қашықтықта Toyota Mark II маркалы автокөліктің жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік жол жиегіне аударылып кеткен.

–  Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деді департаментте. 

Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды аймақтарда, сондай-ақ, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылау қажеттігін еске салады.