Павлодарда көпқабатты үйдің балконы өртенді

Павлодарда көпқабатты үйдің балконы өртенді
Фото: Светлана Воронова

Оқиға орнына 30-ға жуық құтқарушы барды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 20:24-те Геринг көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің 5-қабатындағы пәтерде балкон жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 28 қызметкері мен 8 техника, сондай-ақ АМО бригадасы шықты. 

Өрт сөндірушілердің күшімен балконның ағаш құрылымдары, ағаш рамалары, пластикалы терезесінің өрті ауыздықталып, сағат 20:48-де жойылды. Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ.