Павлодарда жол учаскесі демалыс күндеріне жабылады

Павлодарда жол учаскесі демалыс күндеріне жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі жоба бойынша жер жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 маусым сағат 22:00-ден 24 маусым сағат 6:00-ге дейін: 

  • Ак. Сәтбаев көшесінің бойымен Исиналиев көшесінен Қайырбаев көшесіне дейін диаметрі 500 миллиметр шаруашылық ауыз су құбырын қайта өңдеу; 
  • ТК-134-тен ТК-134/8-ге дейін жылу желісін қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі. 

Осыған байланысты, Ак. Сәтбаев көшесі бойындағы Қайырбаев-Естай көшелерінің шекарасында көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Жауапты бөлім қала тұрғындарынан маршрутты алдын ала жоспарлауды және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.