Павлодарда жол учаскесі уақытша жабылады
![Павлодарда жол учаскесі уақытша жабылады](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202404/image_750x_661d316e7fff4.jpg)
Орташа жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 маусым сағат 7:00-ден 27 маусым 20:00-ге дейін қиылыстарды жаппай Н. Назарбаев даңғылынан Катаев көшесіне дейінгі Малайсары батыр көшесі жабылады.
ТҮКШ бөлімі қала тұрғындарынан, қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.