Павлодарда жол учаскесі жабылады

Павлодарда жол учаскесі жабылады

Онда жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық 109 бірыңғай байланыс орталығы мәлімдеді.

- Инженерлік желілерде құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты қазанның 12-нен 28-не дейін Циолковский көшесі бойынша жол учаскесі уақытша жабық болады. Яғни, Расковой көшесінен Қамзин көшесіне дейінгі аумақ, - делінген хабарламада.

Орталық тұрғындарға алдын ала жолдың жүру бағытын жоспарлауды ескертеді.