Павлодарда тротуармен жүрген көліктің иесі жазаланды
Заң бұзушыға айыппұл салынды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желідегі парақшаның бірінде «ВАЗ 2101» маркалы көлігінің жаяу жүргіншілер жолымен жүрген бейнежазбасы таралған еді. Павлодар облысының полиция департаментінің хабарлауынша, бейнедегі автокөліктің иесі табылып, оған тиісті шаралар қолданылды.
– 17 қыркүйек күні Сұрағанов көшесінде жүргізуші тротуармен жүргені анықталды. Аталған құқықбұзушылықты жасағаны үшін көлік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 596-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 10 АЕК көлеміндегі айыппұл салынды, – дейді полиция департаментінде.
Еске сала кетейік, 15 қыркүйек күні таңғы сағат 06:50-де Естай - Абай көшелерінің қиылысында «Chevrolet Cobalt» пен «Lada Vesta» маркалы көліктер соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Lada Vesta» седанның иесі жол қозғалысын жалғастырып, электр тарату тірегіне соғылған. Жүргізуші медициналық көмекке жүгінген еді.