Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды
Оқушының аяғы ауыр екенін мектеп әкімшілігі байқаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс аудандарының бірінде мектеп директоры мен сынып жетекшісі сегізінші сыныпта оқитын қыз баланың іші шығып қалғанын байқаған. Олар оның анасымен бірге ауруханаға барып, жағдайды білген.
– Ол бірден өзінің өгей әкесіне сілтеген. Мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және сынып жетекшісіне қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды, – деді ауданның білім беру бөлімінде.
Облыстық полиция департаменті ҚР ҚҚ-нің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктіні ұстады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.