Павлодарда мұғалім оқушының арқасынан шегемен нұқып алған

Павлодарда мұғалім оқушының арқасынан шегемен нұқып алған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жас мұғалім ата-анасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға №26 орта мектепте болған.

– Аталған оқиға бейнебақылау камерасы орнатылған 3-қабатта орналасқан №34 кабинетте болған. Расында да, 9 «Д» сыныбында алгебрадан төртінші сабақта математика пәні мұғалімі тақтаның қасында тұрған оқушының жанынан өтіп бара жатып, оны белгісіз затпен нұқып кеткен, – деді бөлім басшысы Қуаныш Қыдралин.

Ведомтсво тексерген видеода мұғалімнің шкафқа жақындап, бұрамашегені алып, оқушыны түртіп жатқанын көруге болады.

Мектеп медбикесі баланы қарап шықты. Ол баланың денесіненіз таппаған. Баланы жедел жәрдем бригадасы да тексеріп, денесінде ештеңе анықтаған жоқ.

– Мұғалім өз әрекетіне өкініп, ата-анасынан кешірім сұраған, – деп қосты Қуаныш Қыдралин.

Мектеп директорының айтуынша, мектеп әкімшілігі мұғалімді жұмыстан шығаруға мәжбүрлеген.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізуде.