Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мамандары Павлодар облысында 2026 жылғы 21 шілде сағат 20:00-ден 22 шілде сағат 20:00-ге дейін дауылды ескерту жариялады.

22 шілдеде облыста жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түсіп, дауыл болуы ықтимал.

Батыстан соғатын желдің жылдамдығы күшейіп, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар қаласында да 22 шілдеде жаңбыр, найзағай, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға, ағаштар мен электр желілерінің маңында ұзақ тұрмауға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы ескертулерді назардан тыс қалдырмауға кеңес береді.