Павлодарлықтар қала күні қарсаңында жұмыс таба алады

Павлодарлықтар қала күні қарсаңында жұмыс таба алады
Фото: pexels.com / Sora Shimazaki

Жәрмеңкеде жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, кеңес алып, жұмыс табуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

18 шілде күні қалалық Мансап орталығы және Еңбек мобильділігі орталығы Қала күніне орай облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді. Іс-шара сағат 10:00-де Орталық жағалауда басталады.

Жәрмеңке аясында облыс және қала жұмыс берушілерінің ұсыныстарымен танысып, тікелей сұхбаттасуға, мансаптық кеңес алуға және жұмысқа орналасу бойынша нақты көмек алуға болады. Жұмыс іздеп жүрген немесе кәсіби бағытын өзгерткісі келетін азаматтар үшін бұл – тиімді мүмкіндік, – деді Мансап орталығының баспасөз қызметі.

Қосымша ақпарат: 21-54-74 / 75.