Павлодарда ғалымдар атақты жерлестерінің ісін жалғастырмақшы
«Достық үйінде» арнайы конференция жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 наурыз күні сағат 12:00-де «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
– Казіргі таңда жаңа Қазақстанды құру жолында біз ата-бабаларымыздың жолымен жүріп, олардың жасаған ісін жалғастырып, адамгершілік, жауапты, өз бетінше ойлайтын, шығармашылық азаматтарды тәрбиелеу маңызды болып табылады, – дейді ұйымдастырушылар.
Конференцияға ғалымдар, Қазақстан жоғары оқу орындарының оқытушыларымен студенттері, тарих пәнінің мұғалімдері, өлкетанушылар, мәдениеттанушылар, музей, архив және кітапхана ісінің мамандары қатысады.
– Ғылым, мәдениет және өнердің дамуына баға жетпес үлес қосқан атақты жерлестеріміз академик Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, өнер мен мәдениет тарландары Жүсіпбек Аймауытов пен Шәкен Аймановтың атқарған жұмысын қалын жұртшылық арасында насихаттаумен зерттеуін жалғастыру ғалымдар мен тарихшылардың қызметі болып табылады, – делінген хабарламада.
Конференцияның мақсаты:
- Ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер саласына үлес қосқан қазақ елінің тұлғаларының өмірімен қызметін насихаттау;
- Музейлердің қорларын жаңа жәдігерлермен, конференцияға қатысушылардың баяндамаларымен толықтыру.
Өтетін орны: Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1.