Павлодарда студенттік филармония мерейтойын атап өтті
Өнер орталығының тарихы 2003 жылдан басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Торайғыров университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО студенттік филармониясы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт ішінде шығармашылық ортада концерттер, театр қойылымдары, мерекелік және салтанатты кездесулер өткізілді.
– Бүгінгі таңда филармония – университеттің маңызды бөлімшелерінің бірі, ол жерде өз ісіне адал мамандар жұмыс істейді. Филармонияның жұмысына қатысы бар барлық қызметкерлерді 20 жылдық мерейтоймен құттықтағым келеді. Залда бір кездері осы жолды алғаш бастағандар да қатысып отыр, – деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Сонымен қатар, өнерпаздар ірі аймақтық және республикалық алаңдарда өнер көрсетуде.
Сахнада ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы ұлттық консеваторияның Құрметті профессоры Жанас Бекентұров және қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Талғат Кәрімов сынды танымал дирижерлер мен филармонияның басқа да көптеген солистері, сондай-ақ еліміздің еңбек сіңірген әртістері өнер көрсетті.
Кеш барысында әр жылдарда еңбек еткен филармония әртістерін Торайғыров университетінің алтын медальдарымен және грамоталарымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.