Павлодарда қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізіледі

Павлодарда қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қар шығаруға 100 мамандандырылған техника жұмылдырылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, сыпыратын және көктайғаққа қарсы материалды шашуға арналған құм себетін техникалар жұмысқа кірісті. Сондай-ақ 200-ге жуық адам жол жиектерін, аялдама павильондары мен жаяу жүргіншілер өткелдерін қардан тазартуда.

– Қар тазалау қаланың орталық көшелерінде жүргізілуде. Содан кейін қосалқы көшелер мен айналма жолдарда жүргізіледі. Жұмыс тәулік бойы ұйымдастырылады, – дейді баспасөз қызметінде. 

Еске сала кетейік, Шідерті кентіндегі бекетте елуден астам көлік тұрып қалған болатын. Синоптиктердің болжамы бойынша, ертең, 6 желтоқсан күні де қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі» ММ (@zhkh_pavlodara)