Павлодарда қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушіге айыппұл салынды
Көптеген адамдар қауіпсіздік ережелерін елемейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері құқық қорғау органдарының күзетшілері қауіпсіздік белдігін тақпаған 6480 жүргізушіні анықтады. Барлық құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Белдік автомобиль қауіпсіздігінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады және апат кезінде болатын жарақаттарды азайту үшін жасалған. Дегенмен жүргізушілер арасында жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі – қауіпсіздік белгілін елемеу. Патрульдік полицейлер Толстой көшесінде қауіпсіздік белдігін тақпаған «Мерседес» маркалы автокөліктің жүргізушісін тоқтатты, – дейді департаментте.
43 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Полицейлер жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады және қауіпсіздік белдігі жол-көлік оқиғалары кезінде өлім мен ауыр жарақат алу қаупін азайтуға септігін тигізетінін еске салады.