Екібастұзда сенбілікке байланысты жол қозғалысы уақытша шектеледі

Бірнеше автобус маршруттары өзгереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 27 қыркүйек күні қалада жалпы қалалық сенбіліктің өткізілуіне байланысты Сәтбаев көшесі Беркімбаев көшесінен Абай көшесіне дейінгі аралықта уақытша жабылады.
Маршруттық көлік қозғалысына да өзгерістер енгізіледі: №7 автобус Әуезов көшесі арқылы қатынайды, ал №2 автобус Абай көшесімен жүріп, одан әрі Әуезов – Беркімбаев көшелері арқылы бұрынғы бағытына түседі.
Ведомство қозғалыс сызбаларының өзгеруіне байланысты туындайтын уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.