Павлодар облысында әйелін ұрған еркек қамалды
Ол бұған да дейін ішкі істер органдарында есепте болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары рейд барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастарды бұзғаны үшін қорғау Тереңкөл ауылының тұрғынын қамауға алды. Ер адам мас күйінде үйге келіп, әйеліне жанжал шығарды. Оған балағат сөздер айтып, қол жұмсаған.
– Ауыл тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылды,- деді департаментте.
Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.