Павлодарда «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалінің I кезеңі өтті
Бұл шара жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы білім басқармасының мәлімдеуінше, балалар фестивалі М.Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында өтті. Өнер додасына 6-17 жас аралығындағы 46 бала қатысады.
- Фестивальдің мақсаты – жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз халқының этномәдениетін зерделеу. Іс-шара Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында өткізілді, - делінген хабарламада.
Шара үш бағыт бойынша өткізілді. Яғни «Татулықтың тұтқасы - бірліктің бесігі» халық билері байқауы, «Жүрек жылуы» вокалистер жарысы және «Ризамын халқыма!» музыкалық-театрландырылған қойылымдар бәйгесі (мюзикл).
Фестиваль қорытындысы бойынша хореография бойынша 1-орынға Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы ие болса, 2-орынды Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы, 3-орынды Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылы еншіледі.
"Вокал" бағытында (кіші топ) 1-орынды өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдаудың өңірлік орталығы мен Павлодар қаласының №2 арнайы мектебі өзара бөлісті. 2-орын Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылының еншісіне бұйырса, 3-орынды Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы қандығалады.
Ал "Вокал" бағытында орта топта 1-2 орынды Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы иеленді. Үздік үштікке отбасылық үлгідегі Шақат балалар үйі лайық деп танылды.
Сонымен қатар, "Мюзикл"бағытында 1-орын Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына бұйырса, 2-орын Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылына тиесілі болды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.