Павлодарда қоғамдық көліктердің қатысуымен жол-көлік апаты болған
Автобустардың соқтығысу нәтижесінде ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті мәліметінше, 20 ақпанда Huanghai автобусы Газ А63 маркалы маршруттық көлігімен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. Автобус жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша жазаға тартылды.