Павлодарда түрмеге ұялы телефонды шоколадтың орамасына жасырып кіргізбек болған

Павлодарда түрмеге ұялы телефонды шоколадтың орамасына жасырып кіргізбек болған
Фото: pixabay

Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №45 түзету мекемесінде сотталғандарға тыйым салынған заттарды заңсыз жеткізу әрекеті әшкереленді.

Сотталғандарға арналған сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру барысында 6679 әскери бөлімінің әскери жасағы мұқият жасырылған ұялы телефон мен бірнеше SIM-картаны тауып алды.

–  Ұлттық ұлан қызметкерлерінің қырағылығы  арқасында мекеме аумағына ұялы байланыс құралдарының өтіп кетуіне жол берілмеді. Бұл заттар мекеме қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Жіберуші мен құқықбұзушылыққа қатысы бар адамдар анықталуда, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, сотталғандарға ұялы телефон, SIM-карта және өзге де тыйым салынған заттарды жеткізу  заңға қайшы  және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.