Павлодарда үстел теннисінен жарыс өтті

Павлодарда үстел теннисінен жарыс өтті
Фото: Павлодар облысының білім беру басқармасы

18 қатысушы бәсекелестікке түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, бүгін сағат 10:00-де №7 арнайы мектеп-интернатының спорт залында ХХХІ облыстық арнайы ЖОББ мектеп-интернаттар спартакиадасының облыстық кезеңі өткізілді. 

Жарысқа 6 команда, 18 қатысушы қатысты. 

Жарыс нәтижелері бойынша:

  • 1 орын – №5 арнайы мектеп-интернат;
  • 2 орын – №1 балабақша-мектеп-интернатының арнайы кешені;
  • 3 орын – №4 арнайы мектеп-интернат.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының дипломдарымен, грамоталарымен және медальдармен марапатталды.